Жолда әр секунд маңызды – қателікке жол бермеңіз
Қостанай облысында полицейлер жүргізушілердің көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланған сәттерін жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірі хабарлама терсе, енді бірі әңгімеге беріліп кеткен. Бар болғаны бірнеше секунд, алайда дәл осы уақыт адамның өміріне қауіп төндіреді.
- Көптеген жүргізуші рөлді бір қолымен ұстап, екінші қолында телефон болғанда, өздерінің қаншалықты қауіпті әрекет жасап отырғанын түсінбейді, – дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде осындай ереже бұзған 4 мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Сондықтан полиция қызметкерлері жолда сақ болуға шақырады.