Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз қоғамның кепілі
Қызылорда облысы полиция департаменті мен Qosyl Qyzylorda Жастар орталығының қызметкерлері бірлесіп, жастармен кездесу ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында студенттер мен оқушыларға құқықтық және тәртіптік кеңестер, кибер алаяқтықтың түрлері, сондай-ақ есірткі қылмысының салдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
“Есірткіге жол жоқ!” акциясы аясында 125 High School мектебінің оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нашақорлықтың зияны, киберқауіпсіздікті сақтау жолдары туралы кеңестер берілді.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында Абылай хан атындағы Жоғары колледждің жатақханасында студент жастармен ашық кездесу өтті.