Алматыда полиция 8 мыңнан астам қару иесін тексерді
Алматыда полиция 8 мыңнан астам қару иесін тексерді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Алматы қаласында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның аясында қалалық полиция департаментінің қызметкерлері азаматтық және қызметтік қарулардың сақталу жағдайын тексеруде.
Іс-шара басталғалы бері 8603 қару иесі тексерілді. Тексеру барысында қаруды сақтау, сондай-ақ оны тіркеу мен қайта тіркеу мерзімдерін бұзу бойынша 185-тен астам құқық бұзушылық анықталды. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
— Біз барлық қару иелерін азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға, рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдерін бақылауға және қаруды тұрғылықты жерде сақтау ережелерін бұлжытпай орындауға шақырамыз. Бұл — әр азаматтың және жалпы қоғамның қауіпсіздігінің негізі, — деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Кұлбаев.