Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер бірінші сынып оқушыларын жол қозғалысы ережелерімен таныстырды

Павлодарда полицейлер бірінші сынып оқушыларын жол қозғалысы ережелерімен таныстырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әрбір жаңа оқу жылы ең жас жол қатысушылары – бірінші сынып оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басталады.

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы мен "Бірінші сынып оқушыларын жаяу жүргіншілерге арнау" акциясы аясында Ақсу кенті мен Үштерек ауылында учаскелік инспекторлар балаларға жол қозғалысының негізгі қағидаларын түсіндіріп, жол белгілерімен таныстырды.

- Полицейлер көшеде тәжірибелік сабақтар өткізіп, балаларға жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды дұрыс кесіп өтуді үйретті. Сондай-ақ мектеп маңындағы жол жағдайын бағдарлау, көлікті күтуге арналған қауіпсіз орындарды таңдау және қауіпті аймақтарды тану дағдылары түсіндірілді. Мұндай шаралар балалардың жол-көлік жарақатын азайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның маңызды бөлігі болып табылады, – деп атап өтті Ақсу қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.

Мамандардың айтуынша, балалардың қауіпсіздігі полиция, мектеп және отбасының бірлескен іс-әрекеті арқылы ғана қамтамасыз етіледі. Өйткені жол қозғалысы назар аударуды, тәртіпті және жауапкершілікті талап етеді – тіпті оның ең кішкентай қатысушыларынан да.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру