Қызылордада полицейлер құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуде
Қызылордалық полицейлер түнгі ойын-сауық орындарының аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Республика көлемінде өткізіліп жатқан "Учаске" жедел-профилактикалық іс шарасы барысында Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының нұсқауына сәйкес, департаменттің күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері облыс көлемінде құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу мақсатында облыс орталығында орналасқан қолма-қол ақшамен қызмет көрсету орындары мен түнгі ойын-сауық орындарын, мейрамхана, кафе-барлар мен демалыс нысандарының аумағында қауіпсіздкті қамтамасыз ету, оларды жеке күзет ұйымдарына күзетке беру бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, нысан иелеріне заң талаптарын сақтаумен бірге, жеке күзет ұйымының тиімділігі жөнінде түсіндіру профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Шара барысында түнгі ойын-сауық орындарын аралап, нысан иелері мен қызметкерлеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жеке күзет ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында "Абай болыңыздар! "Өздеріңізді қорғаңыздар!", "Сақ болыңыздар!", "Күзет қызметі - қауіпсіздік кепілі!" тақырыптарындағы арнайы дайындалған жадынамалар таратты.
Сонымен бірге ойын-сауық орындары аумағында құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтауда лицензиясы бар жеке күзет ұйымдарына күзетке беру, сондай-ақ орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған "дабыл тетіктерімен" жабдықтауға, стандартқа сай заманауи бейнебақылау камераларын орнату жайлы ұсыныстар келтірілді. Алдағы уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыстар мен іс-шаралар өз жалғасын таба беретін болады.