Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қоғам белсенділері жастарды нашақорлықтан сақ болуға шақырды

Түркістан облысында қоғам белсенділері жастарды нашақорлықтан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданында әкімдік пен аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен "Әділ жастар – елдің ертеңі "ұранымен маңызды кездесу өтті. Аталған шараға жас белсенділер мен танымал тұлғалар тәжірибе алмасу, жастарды шабыттандыру және жарқын болашаққа деген сенімін нығайту үшін жиналды.

Кездесудің модераторы блогер Бақдәулет Жаманқұлов қатысушыларды ізгі тілектерімен қарсы алып, жастардың қоғамдық өмірге қатысуының маңыздылығын атап өтті. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудандағы қазіргі жай күйіне тоқталып, жастардың ел дамуындағы әлеуетіне сенім білдірді.

Іс-шарада блогер және Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев, "Азартник" фильмінің арқасында танымал болған жас актер Нұрсұлтан Мейірбеков және тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы сияқты танымал тұлғалар сөз сөйледі.

Оларға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионатының жүлдегері Сәкен Бибосынов қосылды. Олар өздерінің шынайы тілектерімен бөлісіп, жастарды интернеттегі алаяқтық пен нашақорлықтан сақ болуға шақырды.

500-ге жуық жасты қамтыған шарада спикерлер олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына үміт артып, елдің болашағын қалыптастыруға тірек болатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында жастар спикерлерге өзекті тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, белсенді пікір алмасты. Қатысушылар ұйымдастырушылар мен қонақтарға танымдық және қызықты кездесу үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру