Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер жолда рейд жүргізді

Жетісу облысында полицейлер жолда рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы Алакөл ауданының полицейлері облыстық патрульдік полиция батальонымен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолда арнайы профилактикалық іс-шара өткізді.

Рейдтің негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ұзақ жолда шаршаған әрі ұйқылы жүргізушілерді анықтап, оларға демалып алуға кеңес беру. Тексеру барысында полицейлер жүргізушілерге міндетті түрде демалудың маңыздылығын түсіндіріп, ыстық шай ұсынып, қауіпсіздіктің басты қағидаларын еске салды.

- Шаршаған жүргізушіні уақытында тоқтату – адам өмірін сақтап қалудың ең тиімді жолдарының бірі. Жүргізушінің бір сәттік ұйқышылдығы қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін, – деді тәртіп сақшылары.

Рейд кезінде Өскемен – Талдықорған бағыты бойынша 13 көлік тоқтатылып, жүргізушілерге уақытша жолға шығуға тыйым салынды. Бұл шараға түсіністікпен қараған жүргізушілер полицейлердің бастамасын қолдап, олардың жұмысына ризашылығын білдірді.

Полиция ұзақ сапарға шықпас бұрын жақсылап тынығуды, жол ережесін мүлтіксіз сақтауды, өз өмірі мен жолаушылардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды ескертеді.

Бұл іс-шара "Заң мен тәртіп" идеологиясы аясында жүргізілуде және азаматтардың өмірін сақтап қалуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру