Қызметтік иттер – қылмыспен күрестегі сенімді көмекшілер
Қызметтік иттер – қылмыспен күрестегі сенімді көмекшілер, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысы полиция департаментінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қызметтік иттерді тиімді пайдалану мәселелеріне арналған таныстырылым өтті. Жеке құрам алдында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі кинология орталығы бастығының орынбасары, тәжірибелі маман Максим Чебан баяндама жасады.
Баяндамасында кинологиялық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері қамтылып, қызмет барысынан нақты мысалдар көрсетілді. Әсіресе, Чебан қылмыстарды ашу, күдіктілерді ұстау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде иттерді қолдану тактикасы мен әдістемесіне ерекше көңіл бөлді.
Сонымен қатар қызметкерлерге қызметтік иттердің тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстар берілді. Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға ықпал етіп, полиция жұмысына жаңа әдістерді енгізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қылмыспен күрестің нәтижелілігіне тікелей әсер етеді.