Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сауда үйлерінде киберқауіпсіздікке қатысты макеттер орнатылды

Алматыда сауда үйлерінде киберқауіпсіздікке қатысты макеттер орнатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы ірі сауда үйлерінде тұрғындарды интернет-алаяқтықтан сақтандыру мақсатында арнайы ескерту макеттері қойылды. Олар банкоматтар мен төлем терминалдары орналасқан аумақтарға орнатылған.

Мұндай шешім кездейсоқ қабылданған жоқ. Себебі азаматтар көбіне дәл осы жерлерде қаржылық операциялар жасап, кейде алаяқтардың арбауына түсіп қалады. Енді терминалға жақындаған адамдар алдымен ескертуді көріп, қауіпсіздік ережелерін есте сақтай алады.

– Бүгінде алаяқтар барған сайын күрделі әдістерді қолдануда, ал олардың құрбаны көбіне сенгіш азаматтар болып жатады. Сол себепті алдын ала ескерту мен ақпараттандыру аса маңызды. Сауда үйлеріне макеттер орнату – профилактикалық жұмыстың бір бөлігі. Біз халықтың киберқауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары тек қаржыны ғана емес, азаматтардың тыныштығын да сақтауға көмектесетініне сенеміз, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.

Полиция қала тұрғындарын қырағы болуға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге және күдік туындаған жағдайда бірден "102" нөміріне хабарласуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру