Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада интернет арқылы алаяқтық жасаған күдікті қолға түсті

Елордада интернет арқылы алаяқтық жасаған күдікті қолға түсті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада Сарыарқа аудандық криминалдық  полиция қызметкерлері 32 жастағы ер азаматты интернет арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен қолға түсірді.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті OLX платформасына “ас үйге жиһаз дайындаймын” деген жалған хабарландыру орналастырып, азаматтарды алдап келген. Ол жәбірленушіден алдын ала төлем ретінде ақша алып, уәдесін орындамай жоғалып кеткен. Салдарынан тұрғынға 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Полиция азаматтарға интернет арқылы тауар немесе қызмет сатып алу кезінде сақ болуды ескертеді. Белгісіз тұлғаларға алдын ала ақша аударудан бас тартқан жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру