Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да алаяқтық жасаған ағайынды күдіктілер ұсталды

БҚО-да алаяқтық жасаған ағайынды күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық әрекетке барған екі ағайынды азаматты ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер 68 жастағы зейнеткер әйел адамның сеніміне кіріп, оны алдап, 830 мың теңге ақшалай қаражатын иемденген.

Олар бір-бірін бұрыннан таниды екен. Күдіктілердің бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмай, мұқият болуды және кез келген алаяқтық деректері бойынша құқық қорғау органдарына жедел түрде хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру