Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ерлікпен қаза тапқан полицейлерді еске алуға арналған турнир өткізілді

Алматы облысында оқушылар арасында ерлікпен қызметтік борышын атқарған полиция қызметкерлеріне арналған дзюдо бойынша ашық турнир ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шара – ел тыныштығы жолында өз өмірін қиған құқық қорғау саласы қызметкерлерінің ерлігіне тағзым ету және жас ұрпақ бойына отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сынды құндылықтарды сіңіру мақсатында өткізілді.

Турнир барысында 2008 жылы аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде ерекше батылдық танытып, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған марқұм полиция қызметкері Ғалым Таттібековтің есімі ерекше аталды. Оның өмірі мен ерлігі – жас буын үшін нағыз үлгі, қызметтік борышқа адалдықтың айғағы.

Жарысқа Алматы облысы мен Қонаев қаласының полиция департаменттерінің қызметкерлері, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Қатысушылар турнирдің маңыздылығын атап өтіп, ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Полицейлер бұл турнирдің тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықтың көрінісі, елге адал қызмет етудің, парыз бен ар-намыс жолындағы ерліктің жарқын үлгісі екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру