Ұландықтарға Мемлекет басшысының Жолдауының басым бағыттары түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінде “Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы” тақырыбында ақпараттық сағат өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Болат Керімбек, сондай-ақ Республикалық "Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, Астана қаласы әкімдігі жанындағы жасөспірімдердің құқықтарын қорғау комиссиясының мүшесі, "Бала толағай" федерациясының президенті Бекдайыр Күзембай қатысты.
Қонақтар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі бағыттарға кеңінен тоқталып, оның елдің тұрақты дамуы мен әлеуметтік-экономикалық өркендеуіндегі, сондай-ақ саяси және қауіпсіздік салаларындағы маңызын жан-жақты түсіндірді.
Кездесу барысында тәртіп пен жауапкершіліктің – болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі құндылықтардың бірі екендігі атап өтілді.
Мұндай шаралар әскери қызметшілердің саяси сауаттылығын арттырып, олардың мемлекет алдындағы азаматтық және кәсіби жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.