Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де "Жеке детективтік қызмет туралы" заң жобасы талқыланды

ІІМ-де "Жеке детективтік қызмет туралы" ҚР Заң жобасына арналған қоғамдық тыңдау өтті.
Іс-шараға Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов төрағалық етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тыңдауға Мәжіліс депутаты Абзал Құспан, құқықтанушы ғалымдар, Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі, Әділет министрлігі, "Атамекен" ҰКП, "ІІМ қылмыстық іздестіру ардагерлерінің кеңесі" және "Қалқан – қауіпсіздік сарапшылары мен детективтер" қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Аталған заң жобасын Парламент Мәжілісінің депутаттары әзірлеген. Тыңдау барысында құжаттың негізгі ережелері талқыланып, жеке детективтік қызметтің құқықтық негіздерін қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

​Заң жобасының негізгі мақсаты – жеке детективтердің қызметін құқықтық негізде бекіту, азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейту.

​Бұл адамдарға қандай пайда әкеледі:

​Біріншіден, азаматтар сотта, қылмыстық және әкімшілік істерде өз мүдделерін қорғау үшін ақпарат жинауда білікті көмек ала алады.

​Екіншіден, детективтерді міндетті түрде лицензиялау енгізіледі. Бұл дайындықсыз және жауапкершіліксіз "ақпарат жинаумен" айналысатын жағдайлардың алдын алады. Тек лицензияланған маман ғана осындай қызметтерді көрсете алады.

​Үшіншіден, детективтер өз қызметін сақтандыруға міндетті болады. Бұл заңсыз әрекеттердің салдарына төтеп беруді қамтамасыз етеді.

​Төртіншіден, заң қатаң мемлекеттік бақылауды көздейді. Азаматтар детективтің әрекеттеріне мемлекеттік органдарға шағымдану құқығын алады.

Яғни заң жобасы мыналарға бағытталған:

  • мамандықтың өркениетті шеңберін енгізу;
  • азаматтардың мүдделерін қорғау;
  • жеке өмірге рұқсатсыз араласудың алдын алу;
  • құқықтарды қорғаудың заңды жолдарына сенімділікті арттыру.

Дөңгелек үстелге қатысушылар түзетулерді қолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру