Алматыда сотталғандарға заңнамалық өзгерістер түсіндірілді
Алматыда ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесіне арнайы мамандар барып, шаруашылық жұмыстар жасағындағы сотталғандарға кеңес беріп, құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде ҚАЖД мекемесінде арнайы мамандармен кездесу өтті. Іс-шараға әділет департаментінің мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімі филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Азамат Жұманазаров, адвокат Арман Оразбақов, Алматы қаласы еңбек мобильдігі орталығының маманы Жанболат Хазбулатұлы және Алматы қаласы бойынша ҚАЖД сотталғандар арасында тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының бас маманы Шынар Хусайнова қатысты.
Кездесуде ҚР Қылмыстық кодексінің 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап қолданысқа енген заңнамалық өзгерістері таныстырылды.
Қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтардың құқықтық сауатын ашу мақсатында өткен іс-шарада мамандар кеңестерін беріп, алдағы уақытқа бағыт-бағдар берді.