Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада касса қызметкері бір жыл бойы дәмхананың қаржысын жымқырып келгені әшкереленді

Елордада касса қызметкері дәмхананың қаржысын жымқырғаны әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған ірі көлемдегі ұрлық фактісін анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, кассир болып жұмыс істеген қыз тапсырыстарды автоматтандыру жүйесі арқылы бүркемелеп, сатылымның бір бөлігін есептен жасырған. Ол бір жыл бойы кейбір тапсырыстарды жүйеден өшіріп, клиенттерден қолма-қол төлем алғанымен, қаржыны мекеменің есепшотына емес, өзінің жеке шотына аударып отырған.

Осылайша кәсіпорынға 10 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Жеткілікті тексеру жүргізген басшылық айтарлықтай қаржылық жетіспеушілікті анықтап, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция кәсіпкерлерге қаржы қозғалысын үнемі бақылап отыруға, заманауи есеп жүйелерін қолдануға және ішкі бақылау шараларын күшейтуге кеңес береді. Бұл тәсіл шығындардың алдын алуға және құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру