Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды

Қызылордада көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жедел басқару орталығының қызметкерлері түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алып жатады. Осындай жайттың бірі облыс орталығында болды.

Кезекшілікке түскен полиция қызметкері қоғамдық орындарға бейнебақылау камералары арқылы зерделеу жүргізу барысында қала орталығындағы дүкендердің бірінде мас күйде теңселіп тұрған азаматты байқайды. Полицей мас азаматтың көлік тізгініне отырғанын байқап, дереу оқиға орнына жақын маңда жүрген полицейлерге хабар берген.

32 жастағы облыс тұрғыны көлікті мас күйде басқарған. Сондай-ақ тексеру барысында құқық бұзушы 2025 жылдың ақпан айында сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал көлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру