Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында әлеуметтік нысандардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейі тексерілді

Қостанай облысында әлеуметтік нысандардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейі тексерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында адамдар көп жиналатын нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жоспарлы тексеру жалғасып жатыр. Іс-шаралар облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілуде.

Ерекше назар мектептерге, ауруханаларға, сауда-ойын-сауық орталықтарына және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарға аударылды. Басқарма қызметкері Амангелді Бапиновтың айтуынша, тексеру барысында бейнебақылау жүйелерінің, дабыл батырмаларының, дауыс зорайтқышпен хабарлау құрылғыларының жұмыс қабілеті, сондай-ақ күзет қызметінің тиімділігі бағаланады. Бұған қоса, инженерлік нығайтулар мен өткізу режимінің сақталуы да қадағаланады.

Техникалық тексерулермен қатар, полицейлер нысан қызметкерлеріне, әкімшілік өкілдеріне және мектеп оқушыларына тәжірибелік сабақтар өткізуде. Мәселен, №3 мектеп-гимназиясының оқушыларымен, сауда орталығының күзет қызметімен және Қостанай облыстық ауруханасының мамандарымен кездесулер ұйымдастырылды. Қатысушыларға төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібі, эвакуация алгоритмі және ғимаратты оқшаулау ережелері түсіндірілді.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, мұндай тексерулер тұрақты түрде өткізіліп, нысандардың төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға бағытталған.

Сонымен бірге полиция департаменті терроризм тұрғысынан осал нысандарда қауіпсіздік талаптарының орындалмауы немесе тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеуі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.Жыл басынан бері 30-дан астам мекеме басшысы терроризмге қарсы қорғаныс талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру