Қарағандыда спорттық велосипедтерді ұрлаған күдікті ұсталды
Қарағандыда спорттық велосипедтерді ұрлаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері спорттық велосипед ұрлығы бойынша бірнеше деректі әшкереледі.
Полицияға екі күн аралығымен түскен екі арыз бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде, тәртіп сақшылары ұрлықтардың бір адамның қолымен жасалғанын анықтады. Екі жағдайда да қылмыс көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде болған.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол – Қарағанды қаласында уақытша тұрып жатқан көрші елдің 35 жастағы азаматы болып шықты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің тұрғылықты жерінен ұрланған велосипедтерді тауып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыссы бар-жоғы тексерілуде.