Талдықорғанда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кең ауқымды жұмыс барысында полицейлер 28 493 үйді аралап, ішкі істер органдарының есебінде тұрған 2 182 адамды тексерді. Нәтижесінде 6 874 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қылмыс деңгейін төмендетуге және халықтың полицияға деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Учаскелік инспекторлар заң талаптарының орындалуын бақылап қана қоймай, тұрғындарға барынша жақын болуға, олардың мәселелерін түсініп, шешуге жәрдемдесуге тырысады.
Жетісу облысының полиция департаменті "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзған тұлғаларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны ескертілді.
Учаскелік полиция қызметкерлерінің жүйелі жұмысы — бұл тек профилактикалық шара ғана емес, әрбір тұрғынның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етудің нақты кепілі.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.