Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада аяқ киім ұрлаған күдікті қолға түсті

Астана қаласында полицейлер елордалық спорт дүкендерінің бірінен аяқ киім ұрлады деген күдікпен 27 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті дүкенге қарапайым сатып алушы ретінде кіріп, аяқ киімдердің бірін киіп көрген. Осы сәтте сатушының назарынан тыс қалып, өз ескі етігін сол жерде қалдырып, жаңа аяқ киіммен дүкеннен шығып кеткен.

Дүкен қызметкерлері ер адамның аяқ киімін ауыстырғанын байқап, оны тоқтатуға тырысқанымен, күдікті оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, оны қала аумағында қолға түсірді.

Құқық қорғау органдары ұсақ ұрлықтардың да заң бойынша жауапкершіліктен тыс қалмайтынын ескертеді. Сонымен қатар сауда нысандарына бақылауды күшейтіп, бейнебақылау жүйесін тиімді пайдалануға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру