Елімізде қылмыс саны 6 мыңға азайды
Үкімет сағатында ішкі істер министрі Ержан Саденов елімізде қылмыс саны 6 мыңға азайғанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс – бұл әлеуметтік құбылыс. Ол көптеген факторға байланысты. Талдау көрсеткендей, қылмыстардың үштен бірі бұрын сотталғандармен жасалады, ал жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың 30 пайызы мас күйде жасалған.
- Қылмыс деңгейін тұрақты түрде төмендету үшін – барлық мемлекеттік орган мен қоғамның күш-жігері қажет. Бұл тәсілдер қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасында қарастырылған. Жалпы алғанда, елдегі криминогендік жағдай тұрақты. Биыл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 6 мыңға азайды, - деді министр Ержан Саденов.