Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында патрульдік полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеп тапты

Ақмола облысында патрульдік полицейлер жоғалған жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Қостанай облысында полицейлерге 15 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті деген дабыл қағылды. Ата-анасының айтуынша, жасөспірім кітапты танысына апару үшін үйден шығып, қайтып оралмаған. Жоғалып кету туралы ақпарат көрші өңірлердегі полицейлерге де хабарланды. Жасөспірімнің жасын және ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, жағдай бақылауға алынды.

Түнгі сағат 3 шамасында Екатеринбург – Алматы жолының 1127-шақырымында Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Азат Ақанов пен Нұрбек Қапезов Changan автокөлгін тоқтатты. Тексеру барысында полицейлер сипаттамаға сәйкес келетін кәмелетке толмаған жолаушы баланы байқады. Жүргізуші жолаушы жасөспірімнің Астанаға сапарға тапсырыс бергенін айтты.

Әңгіме барысында бала үйден өз еркімен кеткенін мойындады. Сондай-ақ отбасына тиесілі болған 2,5 миллион теңгені үйінен алып кеткен. Жасөспірім ата-анасымен жанжалдасып қалған және мектептегі мәселелердің кесірінен Астанадағы барып, жаңа өмір бастағысы келетінін түсіндірді.

Ол шаршаған, бірақ сабырлы көрінді. Үйден кету эмоционалды болса да, саналы шешім екені анық болды, - деді инспекторлардың бірі.

Полицейлер жағдайды сәтті шешті. Баламен әңгіме жүргізіліп, қызметкерлер оның ата-анасын және қостанайлық әріптестерін хабардар етті. Жасөспірімді одан әрі тексеру үшін Астрахан ауданының полиция бөліміне уақытша тапсырылды.

Полицейлердің сөзінше, отбасылық қақтығыстарға, мектептегі қысымға немесе түсініспеушілікке тап болған жасөспірімдердің импульсивті шешімдер қабылдауы сирек емес. Полицейлер әрқашан тек үйге жеткізіп қана қоймай, себептерін анықтап, психолог мамандарды, әлеуметтік қызметтерді тартуға тырысады.

Патрульдік полицейлердің жылдам реакциясының арқасында ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алып, ал баланың мәселесі назардан тыс қалмады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру