Қызылорда облысының полиция департаментінде жедел кеңес өтті
Қызылорда облысының полиция департаментінде жедел кеңес өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Қызылорда облысының полиция департаментінде департамент бастығының орынбасары Оралбек Омаровтың төрағалығымен кезекті жедел кеңес отырысы өтті.
Кеңестің күн тәртібінде ішкі істер органдарындағы кадр қызметінің тиімділігін арттыру, 2025 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы, жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау, моральдық-психологиялық ахуалды нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Оралбек Омаров жиынды ашып, ішкі істер органдарындағы заңдылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына тоқталып, жүргізілген талдау нәтижелерін атап өтті. Ол әрбір басшыға өзіне сеніп тапсырылған лауазымды абыроймен атқарып, жеке құраммен жұмыста жоғары жауапкершілік пен адалдық таныту қажеттігін айтты.
Жиын соңында қатысушыларға нақты тапсырмалар беріліп, кадр саясатын одан әрі жетілдіру мен қызметтік тәртіпті нығайту бағытында бірқатар ұсыныстар қаралды.