Қостанай облысында қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар өңірдің абаттануына үлес қосуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысында бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерін орындау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Есепті кезеңде пробациялық бақылауда тұрған 137 сотталған қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысып, өңірдің аумақтарын дамыту мен абаттандыру ісіне елеулі үлес қосты.
Пробация қызметі бөлімінің бастығының айтуынша, қоғамдық жұмыстар тек сотталғандарды түзетуге ғана емес, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуіне де ықпал етеді:
- Біз көптеген сотталғандардың өз еңбегінің маңызын түсініп, қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге ұмтылатынын байқаймыз. Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы олар қоғам алдындағы борышын өтеп, өмірлерін дұрыс арнаға бұруға талпыныс жасайды, – деді ол.
Қостанай облысының пробация қызметі бақылаудағы азаматтардың әлеуметтік бейімделуін қолдауға және қайта құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері еңбек, тәртіп және қоғамға пайда келтіру – сотталғандарды түзеудің әрі оларды қоғамға бейімдеудің негізгі тетігі екенін атап өтті.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.