Атырауда жастардың рухани тәрбиесін күшейтуге бағытталған форум ұйымдастырылды
Атырауда жастардың рухани тәрбиесін күшейтуге бағытталған форум ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қалалық білім бөлімінің, облыстық және қалалық прокуратураның бірлескен ұйымдастыруымен "Жастардың рухани иммунитеті – қоғам мен білім беру ұйымдарының ортақ жауапкершілігі" атты форум өтті.

Ауқымды шараға 14 мыңнан астам педагог пен оқушы қатысты.
Іс-шараға қалалық прокуратура, облыстық дін істері басқармасы, полиция қызметкерлері, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтар, мектеп президенттері және белсенді оқушылар қатысып, жастардың рухани және адамгершілік құндылықтарын нығайту, олардың дүниетанымына оң әсер ету жолдарын талқылады.
Іс-шарада жасөспірімдердің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, олардың дүниетанымына оң әсер ету және қоғам мен мемлекеттің ортақ жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ жастар саясаты, дін, құқықтық мәдениет және қоғамдық даму бағыттарындағы өзекті тақырыптар қозғалып, ішкі істер органдары өкілдері кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстардың жай-күйі туралы атап өтті.
						