Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Павлодар облысында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші тағы да трассада ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында полицейлер көлікті мас күйінде басқаруға қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп келеді. Алайда қабылданып жатқан шараларға қарамастан, кейбір жүргізушілер көлікті алкогольдік мас күйінде басқаруды жалғастырып, өз өмірі мен өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіруде.

Жыл басынан бері өңірде мас күйінде көлік жүргізген 1166 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мысалы Омбы - Майқапшағай автожолында полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйде болған Audi A4 автокөлігін тоқтатты.

Медициналық сараптама жүргізу нәтижесінде жүргізушінің шынында да мас екені дәлелденді.

Тексеру барысында анықталғандай, бұл азамат былтыр қараша айында дәл осындай құқық бұзушылық үшін сот шешімімен жүргізуші куәлігінен жеті жыл мерзімге айырылған. Соған қарамастан, ол қайтадан көлік тізгіндеген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, мұндай рецидивтік құқық бұзушылықтар айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіреді. Сондықтан көлікті мас күйінде басқарған азаматтар заң аясында қатаң түрде жауапқа тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру