Қостанайда жас жол инспекторлары полицейлермен бірге рейдке шықты
Қостанайда жас жол инспекторлары полицейлермен бірге рейдке шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайда жас жол қозғалысы инспекторлары алғаш рет полицейлермен бірге бірлескен патрульге шықты. Акция жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы аясында өтуде. Акцияның негізгі мақсаты — жолдағы тәртіп мәдениетіне қоғам назарын аудару.

Бірнеше сағаттың ішінде оқушылар нақты құқық бұзушылықтарға куә болды. Абай даңғылы мен Хәкімжанов көшесінің қиылысында Газель жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткізбеген. Жас жол инспекторы жасағының капитаны Айлин Асатова тәртіп бұзушыға жеке өзі ескерту жасады.
— Неліктен жол ережесін бұзасыз? Бұл ең алдымен адамның денсаулығы мен өмірі ғой. Қазір біз сізге ауызша ескерту жасаймыз. Өтінеміз, мұқият болыңыз!— деді жас инспектор.

Тағы бір жүргізуші қозғалыс кезінде телефонмен сөйлескені үшін, ал екіншісі қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатылды. Рейд барысында полицейлер мен жас инспекторлар ескерту әңгімелерін өткізіп, жадынамалар таратты.
Акцияның басты мақсаты — жазалау емес, алдын алу.
— Біз жүргізушілер бізден өз баласындай көріп, сәл ғана немқұрайдылық қандай салдарға әкелетінін түсінсе дейміз, — деп бөлісті жас жол инспектор қатысушылары.
