Солтүстік Қазақстанда ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлері ұлықталды
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінде кәсіби мереке — Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің күні аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараға аудандық полиция бөлімдерінің ардагерлер кеңесінің төрағалары, ІІМ ардагерлері, сондай-ақ мемлекеттік "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған және жас қызметкерлер қатысты.
"Құрмет пен қаһармандық — ұрпақтар сабақтастығы" атты акция полиция қызметінде қаза тапқан қызметкерлердің мемориалына гүл қою рәсімінен басталды. Одан кейін өткен семинар-кеңесте ардагерлер өздерінің лайықты ізбасар қалдырғанына көз жеткізді: бүгінде СҚО ПД құрылымдарында адам өмірін құтқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған 18 қызметкер еңбек етуде.

Жаңа мереке — Заң мен тәртіптің сақшысы болған әрбір ардагердің еңбегін мойындау әрі олардың тәжірибесін құрметтеу белгісі. Белсенді ардагерлерге естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

СҚО ПД мәдениет орталығының қызметкерлері қонақтарға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Кейін ардагерлер департамент мұражайына экскурсия жасап, кофе-брейкте еркін әңгімелесті.
Ардагерлер күні — полиция қызметкерлерінің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды шара, ол жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отырмақ.

