Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді

Павлодар облысының тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының тұрғыны Анна Попова учаскелік полиция инспекторлары — Әбілғазы Серік, Рустам Сыздықов, Данияр Бейсембаев пен Дінмұхаммед Мамырхановқа алғыс білдірді. Тұрғынның айтуынша, тәртіп сақшылары оның өтінішіне бей-жай қарамай алкогольге тәуелді ұлының мәселелерін шешуге көмектескен.

— Учаскелік инспекторлардың уақтылы және үйлесімді жұмысының арқасында менің ұлым маскүнемдіктен оңалту орталығына емдеуге жіберілді. Қазіргі уақытта ол терапия курсынан өтіп жатыр, алкогольді тұтынбайды. Қиын жағдайда бізге көмектескендері үшін біздің учаскелік полицейлерге үлкен рахмет айтқым келеді. Ықтимал жағымсыз салдардың алдын алуға көмектесіп, уақтылы әрекет жасағандары үшін алғыс айтамын. Қазір ұлым түзу жолға түсті. Бұл біздің мәселемізді назардан тыс қалдырмай, түсіністік танытқан полиция қызметкерлерінің үлкен еңбегі, — деп жазды қала тұрғыны.

Полиция маскүнемдіктің алдын алу және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету мәселелеріне немқұрайды қарамайды. Кез келген мәселеде тәртіп сақшылары азаматтарға әрдайым көмек көрсетуге дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру