Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қостанайда ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының полиция департаментінде ішкі істер органдары ардагерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке – өмірін заң мен тәртіпті сақтауға арнап, ел қауіпсіздігі жолында адал қызмет еткен азаматтарға деген алғыс пен құрметтің белгісі.

Іс-шара қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларын еске алуға арналған обелискке гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Қатысушылар бір минут үнсіздік жариялап, ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды. Бұл дәстүр – ұрпақтар сабақтастығының және жас полицейлерге қызметтік борыштың қадірін ұғындырудың көрінісі.

Содан кейін ардагерлер полиция департаментінің мұражайында болып, қызмет жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Олар жас буынға кәсіби тәжірибе мен өмірлік сабақтарын жеткізді.

Кездесу ПД акт залында өткен ардагерлер кеңесінің отырысымен жалғасты. Онда жас қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Меңдібаев ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, олардың көпжылдық еңбегі мен қызметке адалдығы үшін алғыс айтты.

- Сіздер – бүгінгі полицейлер үшін үлгісіз. Тәжірибеңіз, шыдамдылығыңыз және мамандыққа деген адалдығыңыз жаңа буынды шабыттандырады, – деді ол.

Салтанатты бөлім барысында бірқатар ардагерлерге медальдар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді. Департамент басшылығы ардагерлерді құрметтеу мен қолдау – полицияның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

Мерекелік жиын шығармашылық ұжымдар мен департамент қызметкерлері әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Қостанай облысында ішкі істер органдарының ардагерлеріне ерекше ілтипат көрсетіледі. Өйткені олар – қызметтің негізін қалаған, өз ісіне адалдық пен ерліктің үлгісін кейінгі буынға аманат еткен тұлғалар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру