Ұлттық ұланда Астана гарнизонының әскери бөлімдері арасында мини-футбол турнирі өтті
Елордада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімі командирінің Кубогіне арналған Астана гарнизоны әскери бөлімдері арасындағы мини-футбол турнирі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Турнирге Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық қызметі, Астана қаласы бойынша Шекара бақылау басқармасы, сондай-ақ "Гвардеец" құрама командасы қатысты. Барлығы 12 команда өзара бақ сынады.

Жарыстың қорытындысына сәйкес бірінші орынды — 3656 әскери бөлім командасы иеленді. Ал екінші орынды — 5573 әскери бөлім командасы алса, үшінші орынға — 6636 әскери бөлім командасы лайық деп танылды.
Сонымен қатар үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды. Үздік қақпашы номинациясымен — Тимофей Кифору (3656 әскери бөлімі), үздік шабуылшы номинициясымен — Нұрлан Ибрагимов (5573 әскери бөлімі) марапатталды. Үздік қорғаушы — Нұржан Өтегеновке ("Гвардеец"), Үздік бомбардир — Сұлтанбек Кучкаровқа (3656 әскери бөлімі) табысталды. Ал Аңсар Игенов (3656 әскери бөлімі) турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Турнир әскери қызметкерлердің спорттық шеберлігін арттырып, бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға мүмкіндік берді. Осындай жарыстар жеке құрамның жігерін, табандылығын және жоғары нәтижеге деген ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етеді.
