Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында өткен спорттық турнирде полицейлер қонақтарға жадынамалар таратты

Түркістан облысында өткен спорттық турнирде полицейлер қонақтарға жадынамалар таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласындағы "Бекзат" спорт кешенінде грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында КСРО және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақ халқының тұңғыш халықаралық дәрежедегі төрешісі, еліміздің спорт саласының көрнекті қайраткері Хаис Аққалиевті еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

Турнир барысында Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының еріктілері Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе отырып, көрермендер мен қонақтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер қатысушылар мен жанкүйерлерге жадынамалар таратып, жастарды спортпен шұғылдануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ Қырғызстан Республикасынан келген қонақтармен сұхбаттасып, екі ел жастары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру