Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есептегі сотталғандар қарттар үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді

Қызылорда облысында есептегі сотталғандар қарттар үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" акциясы өтті.

Акция аясында есептегі азаматтар ерікті түрде қарттар үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қариялардың батасын алды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – пробация есебіндегі азаматтардың бойында адамгершілік, ізгілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, сонымен қатар олардың қоғаммен байланысын нығайту.

— Пробация қызметі тек бақылау емес, сонымен қатар тәрбиелік және әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды да жүйелі түрде жүргізеді. "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" акциясы – соның айғағы. Мұндай шаралар есептегі азаматтарға өмірге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті қалалық пробация қызметінің бастығы Фариза Сембаева.

Аталмыш акцияға 100 ге жуық есептегі азамат қатысты. Сондай-ақ есептегі азаматтардың бірі бүгінгі іс-шара жайлы өз ойын білдірді.

— Бүгінгі шара арқылы еңбек пен тәртіптің қадірін түсіндік. Тазалықты сақтау – тәртіпке бастайтын алғашқы қадам. Расында, тәртіп – тазалықтан басталады, — деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру