Маңғыстау облысында полицейлер оқушыларға есірткі қылмысының алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізді
Маңғыстау облысында полицейлер оқушылар арасында есірткі қылмысының алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, профилактикалық кеңес мүшелері, ҚР ІІМ кинологиялық орталығы және ПД кинологиялық қызмет орталығының іздестіру иттері қатысты.
Жаттығудың негізгі мақсаты – оқушыларға есірткі және психотроптық заттардың қаупін түсіндіру, жас ұрпақты құқыққа баулу және заң мен тәртіп қағидатын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ құқық қорғау органдарының профилактикалық жұмысының тиімділігін көрсету.
Іс-шара барысында оқушылар іздестіру иттері арқылы психотроптық заттар мен жарылғыш заттарды табу әдістерімен танысты. Полиция қызметкерлері заң мен тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын көрсетті.
Мұндай оқу-жаттығулар жас ұрпақты заңға баулу, профилактикалық жұмысты күшейту және қызметтік иттердің қолданылу тиімділігін көрсету үшін маңызды. Нәтижесінде оқушылар құқық қорғау органдарының жұмысымен танысып, заңға бағыну және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігін түсінді.
