Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Учаске" ЖПІШ: Елордада полицейлер қоғамдық орында бақылауды күшейтті

Елордада полицейлер қоғамдық орында бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада "Учаске" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Учаскелік полиция инспекторлары күн сайын өздеріне бекітілген аумақтарды аралап, тұрғындармен кездеседі және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ойын-сауық орындарын тексеру барысында полицейлер заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

Атап айтқанда, Кенесары көшесінде орналасқан барда қоғамдық орында қорқор шегудің үш фактісі тіркелді. Кальян қолданған келушілерге қатысты полицейлер тиісті шаралар қабылдады.

Полиция темекі өнімдерін, оның ішінде кальянды, қоғамдық мақсаттағы жабық орындарда және адамдар көп жиналатын жерлерде шегуге тыйым салынғанын еске салады. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп нормаларын бұзып қана қоймай, айналадағы адамдарға да зиян келтіреді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, айналаға құрметпен қарауға шақырады. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру