Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда қалалық пробация қызметіндегі жас маман

Пробация қызметі — қоғамдағы тәртіпті нығайтуға, қылмыс жасаған азаматтардың қайта әлеуметтенуіне ықпал ететін аса жауапты бағыт. Әсіресе, сотталған азаматтармен жұмыс жасау — үлкен сабырлық пен кәсіби біліктілікті қажет ететін күрделі міндет. Осындай бір жауапкершілікті саланың ең жас қызметкері жайлы Polisia.kz. сайты ақпарат ұсынады.

Қызылорда қалалық пробация қызметінде бүгінде 20 қызметкер жұмыс жасайды. Олардың арасында тәжірибесі мол қызметкерлер де, бұл салаға жаңа келген жас мамандар да бар. Осы жауапты жұмысты жіті меңгеруге талпынып жүрген жас маманның бірі — 19 жастағы Іңкәр Қанағатқызы.

Сотталған азаматтар әртүрлі мінез-құлық, өмірлік қиындықтар және психологиялық күймен келеді. Сол себепті олардың әрқайсысына дұрыс бағыт-бағдар беру, сенім арттыру, қоғамға қайта бейімделуіне көмектесу — оңай шаруа емес. Бұл ретте жас маман Іңкәр Қанағатқызы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.

— Ант қабылдап ішкі істер органының қызметкері болу оңай емес. Әсіресе, сотталған азаматтармен жұмыс істеу үлкен жауапкершілік талап етеді. Мұнда тек заңды білу жеткіліксіз: шыдамды болу, сабыр сақтау, әр адамға қолдау көрсету маңызды. Ең бастысы — қабылдаған антқа адал болып, әр азаматқа жаңа өмірге қадам жасауға мүмкіндік беру, — дейді жас қызметкер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру