Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елімізде "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

18-23 қараша аралығында республика аумағында жол-көлік оқиғаларының жолын кесуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараны жүргізу қажеттілігі адам шығынымен болған ауыр жол апаттары себеп болып отыр.

ЖПІШ барысында:

- Патрульдеу маршруттары мен полиция қызметкерлерінің саны барынша көбейтіледі.

- Биыл адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары 31% өскені байқалады. Сондықтан облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда рейдтік іс-шаралар үздіксіз ұйымдастырылады.

- Жылдамдық режимін сақтау, басып озу және қарсы жолаққа шығу талаптарын бақылау күшейтілді.

- Заңсыз тасымалдаушылар мен такси қызметіне қатысты тексерулер жандандырылды.

- Елді мекендерде жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайларының алдын алу бойынша да қосымша шаралар қабылданады.

Сонымен қатар жол инспекциясы күн сайын жолдың жағдайын бақылайды. Жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдардың барлық учаскесі ерекше бақылауға алынады.

Азаматтарды жол жүрісі қағидаларын сақтауға, жолда өзара сыйластық пен қырағылық танытуға шақырамыз. Өзіңіздің және өзгенің қауіпсіздігі үшін жауапты екеніңізді еске саламыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру