Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды

Қызылорда облысында пробация қызметкері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сырдария аудандық пробация қызметінің бастығы Асылжан Сақыбеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру, алаяқтық қылмыстарының алдын алу және тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізгені үшін аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Асылжан Сақыбеков — Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлегі. 2014 жылдан бері Қылмыстық-атқару жүйесі саласында қызмет атқарып келеді.

— Бұл алғыс – жеке менің ғана емес, жалпы пробация қызметінің ортақ еңбегінің нәтижесі. Қоғамда заңға деген сенімді арттыру, азаматтарды құқықтық сауаттандыру – біздің негізгі міндетіміз. Болашақта да халықпен тығыз жұмыс істеп, қылмыстың алдын алу бағытындағы шараларды күшейте береміз, — дейді Асылжан Сақыбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру