Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады

Астанада "Учаске" іс-шарасы барысында полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада өтіп жатқан республикалық "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. Байқоңыр ауданының учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шара барысында қоғамдық орындарда тәртіп бұзу фактісін тіркеді.

Тексеріс барысында 39 жастағы азамат Жиенқұлов көшесіндегі дәмханалардың бірінде айналасындағыларға құрметсіздік танытып, балағат сөздер айтқаны анықталды. Оның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланып, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жолданып, сот шешімімен азаматқа тиісті шара қабылданды.

Іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға балағат сөз айту, мас күйінде қоғамдық орындарда жүріп, айналадағы адамдарға қолайсыздық тудыру құқықтық жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Сонымен бірге тұрғындармен кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет екені түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру