Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында мал ұрлығының 3 дерегі ашылды

Қызылорда облысы аумағында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – халық арасында мал ұрлығының алдын алу, профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ бұрын тіркелген мал ұрлықтары бойынша қылмыстарды ашу.

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс көлемінде мал тасымалдайтын автокөліктерді, сондай-ақ мал және ет сату орындарының заң талаптарына сәйкестігін тексеруде.

Іс-шараның бір күнінде мал ұрлығының 3 дерегі ашылды, оның бірі – өткен жылы тіркелген қылмыс.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларын заңсыз тасымалдаудың 2 дерегі, үй жануарларын белгіленбеген жерлерде жаюдың 9 дерегі анықталды.

Мысалы, Қазалы аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны хабарласып, жайылымнан сиырының жоғалғанын айтқан. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде осы іске қатысы бар күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру