Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тәртіп бұзған есептегі азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Астанада тәртіп бұзған азамат қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметінде есепте тұрған азаматқа сот шешімімен 80 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды. Бүгінде ол өзі жасаған құқық бұзушылық үшін қоғам алдындағы жауапкершілігін көшелерді тазалау арқылы өтеуде.

Оқиға алкогольдік ішімдік ішілген отырыс кезінде болған: азамат танысына орташа деңгейдегі дене жарақатын салғаны үшін кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыс жазасына жіберілді. Қазір ол қала әкімдігі бекіткен орындарда күніне төрт сағаттан жұмыс атқарып жүр.

Өзінің айтуынша, ол бұл жағдайдан маңызды сабақ алған. Қателігін толық мойындап, түзелуге ниетті екенін жеткізеді. Сонымен қатар болашақта мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермейтінін айтты.

— Біздің басты мақсатымыз — жазаны өтеушілерге тек бақылау орнату емес, оларды қоғамға қайта бейімдеуге көмектесу. Қоғамдық жұмыс — адамның жауапкершілігін сезініп, өз қателігін түсінуіне ықпал ететін маңызды құрал. Бұл азаматтың түзелуге деген ынтасы, — деп атап өтті Есіл ауданы пробация қызметінің бастығы Даирбеков Жандос Маратбекұлы

Жыл басынан бері жалпы 609 есептегі азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. Оның ішінде Есіл ауданы пробация қызметінде - 15 азамат. Азаматқа жүктелген міндет қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қараудың, сондай-ақ қоғамға қызмет етудің маңызын терең түсініп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру