Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Учаске" ЖПІШ: БҚО-да құрылыс саймандарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

БҚО-да “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында құрылыс құрылыс саймандарын ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқани республикалық “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы қылмыстың алдын алуда және тұрғындармен тығыз байланыс орнатуда нәтижелі болып отыр. Бұл іс-шара учаскелік полиция инспекторларының халықпен тікелей жұмысын күшейтіп, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Осы жұмыстың аясында криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық фактісінің бетін ашты. Полицияның мәліметінше, екі азамат шаруа қожалығының аумағына заңсыз кіріп, бірнеше құрылыс құралын ұрлаған.

Тергеу барысында олардың шарқайрақ, дәнекерлеу аппараты, ауа компрессоры және екі аккумуляторды алып кеткені анықталды. Келтірілген шығын көлемі — 400 мың теңге. Сондай-ақ, тергеу күдіктілердің басқа да ұрлық деректеріне қатысы болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр, ұсталғандар — Тасқала және Теректі аудандарының тұрғындары. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру