Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі полиция департаментінде жеке құрамның гарнизондық саптық байқауы өткізілді

Көліктегі полиция департаментінде жеке құрамның гарнизондық саптық байқауы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің әуе және темір жол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көліктегі полиция департаменті басшылығының қатысуымен саптық байқау өткізілді. Тәртіп сақшыларының сыртқы келбетінің ережелерге сәйкестігі мен қызметке дайындығы тексерілді. Оған департаменттің жалпы жеке құрамы қатысты.

Қазақстан Республикасының Туы әкелініп, Әнұраны шырқалғаннан кейін Көліктегі ПД бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов қызметкерлердің сыртқы келбеті мен киімдерінің жай-күйі, жетондар мен кеуде белгілерінің бар-жоғы, қызметтік куәліктерінің талаптарға сәйкестігі тексерді. Тексеру барысы жеке құрамның қызмет етуге толық дайын екендігін көрсетті.

– Біздің басты мақсатымыз – елдегі заңдылық пен тұрақтылықты нығайту. "Заң мен Тәртіп" қағидаттары – біздің жұмысымыздың негізгі құндылығы. Қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – жоғары жауапкершілікті талап ететін маңызды міндет. Әрбір азамат өзін қауіпсіз әрі қорғалған сезінуі керек. Осы ұстанымды жүзеге асыру үшін жеке құрам қызметін кәсіби, үйлесімді және тиімді атқаруы қажет, – деді Қ. Мәжікенов.

Іс-шара салтанатты маршпен аяқталды. Еске сала кетейік, саптық байқау жауынгерлік дағдыларды жетілдіру, үлгілі келбетті қалыптастыру және әскери қызмет тәртібін нығайту мақсатында өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру