Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі қорытындыланды

Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен 1 желтоқсанына дейінгі кезеңде құқық бұзушылықтардың, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ халықпен сенім қатынастарын нығайту мақсатында өңірде "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында 4 600-ден астам азаматтық қару иелері тексерілді, оның ішінде сақтау ережелерін бұзған 49 факт, тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін бұзған 82 жағдай анықталды. 21 тіркелмеген қару және 47 бірлік оқ-дәрі тәркіленді.

Ішкі істер органдарында есепте тұрған 13 885 адам тұрақты мекенжайы бойынша тексерілді. Ішкі істер органдарына 851 кәмелетке толмаған жеткізілді, оларға профилактикалық әңгімелер жүргізілді сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілдерсіз тұрғын үйлерінен немесе ойын-сауық орындарынан табылған 1 035 жасөспірім ұсталды. Барлық көрсетілген фактілер бойынша ата-аналар мен заңды өкілдер жауапкершілікке тартылды, 60 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар, 19 645 әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу жүзеге асырылды, тіркеусіз тұру фактісі бойынша 3 615 азамат жауапкершілікке тартылды. Шетелдік азаматтар жасаған 322 құқық бұзушылық және шетелдіктерді қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары жасаған 84 құқық бұзушылық анықталды. Полиция қызметкерлері 34 факт наркограффитиді анықтап, 4 факті бойынша тергеу басталды. Сондай-ақ, вейп өнімдерін заңсыз сату бойынша 2 факт анықталып, қылмыстық істер қозғалды.

Полиция заңдылықтың сақталуын бақылауды жалғастырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және облыс аумағында құқық тәртібін сақтау шараларын қабылдауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру