Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда полицейлер есірткі дүкенінің жарнамасын таратушыны қолға түсірді

Теміртауда полицейлер есірткі дүкенінің жарнамасын таратушыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында өтіп жатқан "Құқықтық тәртіп әліппесі" акциясы аясында полиция қызметкерлері, депутаттар, қоғам белсенділері, студенттер және прокуратура өкілдері бірлесіп жұмыс жүргізіп, есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтті.

Осы бағыттағы "Цифрлық сату" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Теміртау қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам есірткі сататын интернет-дүкенге бағыттайтын QR-код жапсырылған парақшаларды қала көшелеріне жабыстырып жатқан жерінде құрықталды.

Қылмыстық іске айғақ ретінде түрлі сауда орындарына орнатылған бейнебақылау камераларының жазбалары тіркелді. Онда күдіктінің жарнамалық парақшаларды жапсырып жүрген сәттері анық көрініс тапқан. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру