Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер қоғамдық қауіпсіздік мақсатында дронды белсенді қолдана бастады

Жетісу облысында полицейлер қоғамдық қауіпсіздік мақсатында дронды белсенді қолдана бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаменті дыбыс беру жүйесі бар заманауи дрон үлгісін қызмет барысында енгізіп, оны қоғамдық қауіпсіздік мақсатында белсенді қолдана бастады. Бұл жаңашылдық патрульдік жұмысты күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Заманауи дрондар полиция қызметінің тиімділігін арттырып қана қоймай, қоғам қауіпсіздігін қорғауда маңызды рөл атқарады. FIMI X8T үлгісіндегі дрон тек жылу камерасымен, 13 Мп телекамерасымен және 5 еселік оптикалық зумымен ғана емес, қашықтан дыбыс жеткізу жүйесімен де жабдықталған.

Дыбыс беру функциясы ескерту хабарламаларын жеткізуге, — адамдарды қауіпті аумақтардан алыстатуға, — құқық бұзушылықтың алдын алуға, — төтенше жағдайларда жедел ақпарат таратуға мүмкіндік береді. Бұл технология қоғамдық орындардағы тәртіп бұзушылықтарды тез анықтап, оған дереу әрекет етуге жағдай жасайды. Әуе бақылауы — қаланың қауіпсіздігін сақтауда, "Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыруда тиімді әрі заманауи құрал.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру