Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 21 сотталған кәсіби даярлықтан өтті

"Заң мен тәртіп" идеологиясы аясында қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен облыстық прокуратура бірлескен іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ҚАЖД-ға қарасты №37 мекемесінде өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Мансап орталығы” филиалы мамандары skills.enbek.kz онлайн платформасы негізінде жазасын өтеушілерге мамандық бойынша қайта даярлау курстарын өткізді. Осылайша, бірнеше мамандық бойынша білім алған 21 сотталғанға сертификат табысталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеушілерді қоғамға қайта бейімдеу, әлеуметтендіру және бостандыққа шыққаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау.

- Бұл курс мен үшін жаңа мүмкіндік болды. Бұрын қолымнан келмейді деп ойлаған істі үйрендім. Бостандыққа шыққан соң жұмыс тауып, жаңа өмір бастаймын. Осындай мүмкіндік жасаған мамандарға ризашылығымды білдіремін, - деді сотталғандардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру