Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ҚАЖД қызметкерлері қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды

Қызылорда облыстық ҚАЖД қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен "Arai City MALL" сауда орталығында сотталғандардың қолымен жасалған өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шара аясында ағаштан жасалған түрлі бұйымдар қала тұрғындарының назарына ұсынылды.

Жәрмеңкеде сатылған өнімдердің түскен қаражаттың бір бөлігі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер тұратын дағдарыс орталығына бөлінетін болады.

ҚАЖ департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы, әділет подполковнигі Бақыт Абилованың айтуынша, қазіргі таңда департаментінің 60 мекеменің өндірістік аймағында 19 кәсіпкер жұмыс жасап, сотталғандарды еңбекпен қамтып отыр.

— Бүгінгі жәрмеңкеге сотталғандардың ағаштан жасалған өнімдерді алып келдік. Қала тұрғындары қызығушылық танытып, сатып алып жатыр. Бұл — сотталғандар үшін еңбекке бейімделудің бір жолы. Алдағы уақытта да осындай игі шараларды жалғастыру жоспарлануда, — деді Бақыт Әбілова.

Қала тұрғындары да шараға белсенді қатысып, қайырымдылыққа өз үлестерін қосуда.

— Мен екі астау сатып алдым. Қайырымдылық жәрмеңкесіне аз да болса көмегіміз тиіп жатса, қуанамыз, — деп пікір білдірді қала тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру