Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан ерлер хоры өнер сүйер қауымды қуантты

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Ән-би ансамблінің ерлер хоры аңызға айналған Linkin Park — numb композициясының ерекше интерпретациясымен көрермендерді таңқалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйгілі рок-хиттың домбыра үнімен шырқалуы оған жаңа леп, ерекше дыбыс берді. Соған қарамастан эмоциялардың тереңдігі мен танымал әуеннің түпнұсқалық ерекшелігін сақтап қалды.

Орындаудың видеосы әлеуметтік желілерде тез таралып, көп қаралып, мыңдаған жағымды пікір жинауда. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар рок пен ұлттық аспаптың үйлесімі күтпеген жаңалық болғанын, алайда өте ерекше шыққанын жарыса жазуда.

Айта кету керек, 2003 жылы шыққан Numb композициясы — Linkin Park тобының ең танымал хиттерінің бірі болды. Ол 2003-2004 жылдары Billboard Alternative Songs чартында алты апта бойы көш бастаған және 2,5 миллиардтан астам қаралымға ие YouTube-тағы ең көп қаралған рок-клип.

— Хор Астанада құрылған және 2016 жылдан бері көрерменді қуантып келеді. Біздің ұжым әлеуметтік желілерде, соның ішінде 114 мыңнан астам жазылушысы бар TikTok платформасында өз шығармашылығын белсенді паш етеді, - дейді хор жетекшісі Бауыржан Алтынбеков.

Әртістер ұлттық музыкалық дәстүрлерді дамытып қана қоймай, заманауи жанрлармен батыл тәжірибе жасап, көрермендерді жаңа музыкалық эксперименттерімен таң қалдырып жүр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру